
Азаматтық қорғаныс айлығының тармақтарын іске асыру
2021 жылғы 9 ақпанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні айлығы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері лейтенант М.М. Таңатов пен ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ шұғыл ден қою бөлімінің фельдшері З.А.Құрманғазиева «Қазтелерадио» АҚ қызметкерлеріне «ZOOM» мобильді қосымшасы арқылы қашықтықтан сабақ өткізді. Офицер М.М.Таңатов «Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары мен басшылығы. Азаматтық қорғаныстың мүлкі мен объектілері» тақырыбында дәріс өткізді. Жаттығу барысында фельдшер Құрманғазиева «Максим» тренажерында жүрек-өкпе реанимациясының тәсілдерін егжей-тегжейлі көрсетті, сондай-ақ зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету маңызды екенін түсіндірді. Сонымен қатар, Орал гарнизонының өрт-техникалық орталығы (мұражайы) бойынша виртуалды тур ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға офицер М.Таңатов пен фельдшер Құрманғазиева толық жауап берді.
БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы