Ашық есік күні!!!

Ашық есік күні!!!

Ашық есік күні!!!

 

         Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және № 10 өрт сөндіру бөлімі, № 6 жедел құтқару бөлімшесі және күре жолдағы медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі білімін насихаттау, сондай-ақ құтқарушылар беделін арттыру, өрт сөндіру бөлімі мен қазіргі заманғы өрт жабдықтары және құтқарушылардың атқаратын қызметімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізіп оқушыларға өрт сөндірушілер және құтқарушылардың қызметтері туралы экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында балалар қызығушылығын білдіріп көп сұрақтар қойды.

         Балалар түтін бөлмелерде қолданылатын оқшаулау маскасы мен өрт сөндіруге арналған киім-кешектерін киіп көрді.

         Күре жолдағы медициналық құтқару пунктінің қызметкерлері оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын үйретті.   

Экскурсиядан мол әсер алған оқушылар мамандарға ризашылығын білдірді.