Тұрғын үйлердің есігі мен көп қабатты үйлердің лифттеріндегі оқиғалар

Тұрғын үйлердің есігі мен көп қабатты үйлердің лифттеріндегі оқиғалар

Тұрғын үйлердің есігі мен көп қабатты үйлердің лифттеріндегі оқиғалар

 

 Ата-анасы жұмысқа кеткен немесе басқа да жағдайда адамдардың үй ішінде құлыпталып, көмекке мұқтаж болып жататын кездері көп кездеседі. Сонымен бірге, көп қабатты тұрғын үйлердің лифттері де адам саны көп болған кезде немесе салмағы ауыр жүк тиегенде істен шығып, ішінде тұрғындар қалып қойып жататын кездер де аз емес. Мұндай оқиға орын алған кезде әрине ең бірінші қоңырау құтқару қызметіне түседі. Дәл осындай кезде үйдің есіктері және лифт есіктерін ашып, қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсету жұмыстары Қызметтің жедел-құтқару жасағының жеке құрамында жиі болады.

Мысалы, 2020 жылы қаламызда барлығы үй есігін ашуға 235 шығу болды. Оның ішінде әр шығуға жекелеп тоқтала кетер болсақ:

1) тұрмыстық газдың кемуінің алдын алуға – 24;

2) тұрмыстық электр аспаптары жануының алдын алуға – 1;

3) жас баланың өміріне қауіп-қатер төну – 55;

4) сырқаты бар адамдарға көмек көрсету – 74;

5) полиция қызметкерлеріне көмек көрсету – 76;

6) коммуналдық жүйелердегі авариялар кезінде  – 0;

7) өз-өзіне қол жұмсау әрекеті – 5.

Сондай-ақ 39 рет лифт есігін ашуға шығу болды.

Ал 2021 жылғы 1 қаңтардан 4 ақпанға дейінгі аралықта үй есігін ашуға           29 шығу болды. Оның ішінде әр шығуға жекелеп тоқтала кетер болсақ:

1) тұрмыстық газдың кемуінің алдын алуға – 2;

2) тұрмыстық электр аспаптары жануының алдын алуға – 0;

3) жас баланың өміріне қауіп-қатер – 5;

4) сырқаты бар адамдарға көмек көрсету – 8;

5) полиция қызметкерлеріне көмек көрсету – 14;

6) коммуналдық жүйелердегі авариялар – 0;

7) өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған – 0.

Сондай-ақ, 2 рет лифт есігін ашуға  шығу болды.

         Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын үйде кішкентай балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдырмау және көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатына лифт арқылы көтерілген кезде сақтық шаралары мен ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Осындай оқиғалар орын алған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.