Профилактикалық жұмыс

Профилактикалық жұмыс

Жол ережесін сақтау-бұл жолдағы қауіпсіздіктің кепілі. Жыл сайын жолдарда мыңдаған адам қайтыс болады. Көбінесе - жол ережелерін қарапайым білмеуден. Қазіргі уақытта қозғалыстың сауатты қатысушыларын тәрбиелеу өте маңызды. Осыған байланысты, 2021 жылғы 22 қаңтарда БҚО ТЖД акт залында полиция департаменті қызметкерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында БҚО ПД Орал қаласы ПБ аға инспекторы полиция майоры А.О. Асабаев кездесу өткізді. Кездесу барысында полиция қызметкері Департаменттің жеке құрамына ЖҚЕ талаптарын орындау қажеттілігі туралы, жол-көлік оқиғаларының пайда болуының негізгі себептері(жылдамдықты арттыру, автокөлік құралын мас күйінде басқару, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу) қаралды, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берілді. Кездесу соңында жол полициясының қызметкері барлық қызметкерлерді жолдарда ұқыпты және мұқият болуға және жол жүру ережелерін әрдайым сақтауға шақырды.