Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз, сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқ киімдерді таңдаңыз;
- жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады;
- құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз, құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз;
- құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
Қаратөбе ауданы ТЖБ