
Жылыту маусымы кезеңінің басынан бастап тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімі, № 18 өрт сөндіру бөлімі, газ-техникалық инспекция қызметкерлері және аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Адамдарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайы тексерілді.