Тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

Тұрғын үй секторын аралау бойынша

рейдтік іс-шараларды жалғастыруда

 

2021 жылдың қаңтар айында Казталов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, №11 ӨСБ және аудандық газ шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында қыс кезінде тұрғын үй секторында өрт оқиғаларын алдын алу шараларын өткізді. Профилактикалық жұмыс аясында қызметкерлер әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы тұрғындарға ерекше назар аударды. Рейдтік шаралар барысында қызметкерлер тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбында әңгімелесіп, әрқайсысына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған және шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынамалар табыстады.