
Тұрғын үйдегі қауіпсіздік
Өрт қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігінің жағдайы үшін үйдің иесі жауапты. Көп жағдайда тұрғын үйлердегі өрт немесе жану оқиғаларына сол үйдің тұрғындары кінәлі болып жатады.
БҚО ТЖД Теректі ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлерімен тұрғындарға тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде. Бүгінгі кезекті түрде жүргізілген аулааралық шолуларда Бөлім қызметкерлері жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ өрт немесе жану оқиғасы орын алған жағдайда әрекет ету шараларын түсіндірді.