
19 қаңтарда православиялық христиандар басты мерекелердің бірі - Крещение Господне мерекесін атап өтті
2021 жылғы 18 қаңтарда 23.00 сағатта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлавр департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Мейрам кезінде Департаменттің барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілікті жүзеге асырады.
Барлығы БҚО ТЖД жеке құрымының 113 қызметкері, 18 бірлік техника, ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан 5 адам, 1 бірлік техника, департамент полициясынан 103 қызметкер, 41 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 5 адам, 1 бірлік техника тартылды.
Департаменттің ұсынысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері облыстың епархиясымен ойықты жабдықтау бойынша жұмысты өткізді.
Кезекшілік суға түсу орындарында жергілікті полиция қызметі, денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесе жүргізілуде, сондай-ақ, орындарда Департамент бөлімшелерінің қызметкерлері Крещение Господне мерекесін өткізуде тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Құтқару құралдары және арнайы техника сақадай сай, іс-шара БҚО мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілуде.
БҚО ТЖД суға түсу кезінде оқыс оқиғаларды болдырмас үшін естеріңізге салады:
- арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз;
- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады;
- бірнеше топпен мұз үстіне шығуға тыйым салынады;
- спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады;
- автокөлікпен мұз үстіне шығуға тыйым салынады.
БҚО ТЖД құтқарушылары мұздағы тәртіп пен ұйымдастыра білу Крещение Господне мерекесін қауіпсіз өткізудің кепілі екенін естеріңізге салады!
БҚО ТЖД баспасөз қызметі