Бөрлі ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

Бөрлі ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

Бөрлі ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

Бөрлі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ №9 өрт сөндіру бөлімінің бастығымен бірлесіп Бөрлі ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен "әкімшілік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету"тақырыбында өртке қарсы нұсқаулық өткізді.

Өртке қарсы нұсқама аясында республика аумағында 2020 жылдың өткен кезеңінде ұқсас қорғау объектілерінде болған өрттерге талдау жасалды, әкімшілік ғимараттардағы өрт қауіптілігі және өрт туындаған кездегі іс-қимылдар туралы, оның ішінде эвакуациялау кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы, сондай-ақ жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау қағидалары туралы ақпарат жеткізілді.

Қызметкерлердің басты назары алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт автоматикасы жүйелерін білуге және қолдануға аударылды.