БҚО-да «Крещение Господне Православтық мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтті

БҚО-да «Крещение Господне Православтық мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтті

БҚО-да «Крещение Господне Православтық мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтті

 

2020 жылғы 15 қаңтарда «AQJAIYQ» телеарнасының Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Крещение Господне Православтық мейрамы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтті.

Спикер болып  Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Мағзомұлы  Ихсанов  және Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары әрі жедел-құтқару жасағы басшысы-құтқарушы Аскар Урынбасарович Килишев сөз сөйледі.

Шоқыну мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті келесі іс-шараларды өткізді:

  1. Бүгінгі таңда облыста шомылуға арналған 31 орын анықталды, оның ішінде Орал қаласында 14.
  2. Облыстың су айдындарындағы мұздың қалыңдығы әркелкі болуына байланысты (16-дан 36 см-ге дейін) Батыс Қазақстан облысының ТЖ Департаменті Жергілікті епархияға суға түсуге арналған орындарды жабдықтау туралы ұсыныс енгізді (тұтқалары, жолы бар ағаш баспалдақ орнатумен биіктігі кемінде 20 сантиметр бруствер, сондай-ақ жағалауда немесе жағалауға жақын жерде киім ауыстыруға арналған орындарды ұйымдастыру).
  3. Суға шомылу орындарында кезекшілікті ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды. Жоғарыда аталған барлық орындарда барлығы БҚО ТЖД-дан 78 қызметкер мен 10 бірлік техника кезекшілік етеді.
  4. Полиция департаментімен және денсаулық сақтау басқармасымен шомылу орындарында бірлесіп қызмет атқару туралы мәселе пысықталды.
  5. Департамент шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жариялады. Олармен Instagram Facebook және VKontakte әлеуметтік желілерінің ресми беттерінен танысуға болады.
  6. Барлық іс-шаралар азаматтар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі карантиндік іс-шаралардың сақталуын қатаң қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылатынын айтты.