Пәтердегі өрт

Пәтердегі өрт

Пәтердегі өрт

 

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні 04 сағат 10 минут шамасында «101» байланыс телефонына Орал қаласы Гагарин көшесі, 46/1 мекен-жайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан №22 пәтерде өрт шыққандығы туралы хабар түсті.

Өрттен жалпы ауданы 15 шаршы метр аумақта пәтердің жиһаздары, жеке заттар мен тұрмыстық техникасы өртеніп кетті.

Өрт сөндірушілердің ұтымды іс-әрекетінің нәтижесінде, өрт орнынан 14 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, оның ішінде 3-уі бала.

Өрт 05 сағат 10 минутта толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті ауыздықтауға Департаменттен 12 жеке құрам мен 5 техника жұмылдырылды.

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, сіздерге жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Сіздерден спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланбауды және төсекте темекі шекпеуді сұраймыз.