Мектеп оқушылары эвакуацияланды

Мектеп оқушылары эвакуацияланды

Мектеп оқушылары эвакуацияланды

 2021 жылғы 14 қаңтар күні 09 сағат 24 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына  Ақжайық ауданы Көнекеткен ауылы маныңда Уаз автокөлігі сынып қалғаны туралы хабар түсті, «УАЗ» автокөлігінде 10 мектеп оқушысы және 2 ересек адам болған. Мектеп оқушыларын жылы жерге эвакуациялау мақсатында Қызметтің Ақжайық ауданы   № 6 құтқару бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, мектеп оқушыларын жылы жерге орналастырды. Қыс мезгіліндегі ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты және де адамдардың жолдағы қауіпсіздігін үнемі қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге жолға шығар алдында автокөліктерін тексеруден алдын-ала өткізіп тұруларын естеріне саламыз.