Марапаттау

Марапаттау

 

2021 жылдың алғашқы жұмыс аптасында Батыс Қазақстан облысы  Төтенше жағдайлар департаменті ардагерлерімен Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбековпен кездесу өтті.  Кездесу барысында Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков ардагерлердің хал-жағдайын сұрап, бүгінгі таңдағы жасап жатқан қызметтері жөнінде біраз сөз қозғады. Жәнеде ардагерлер ешқашан елеусіз қалмайтындығын баса айтты.  

Қызметтің ардагерлері Абат Абайұлы Шыныбеков мырзаға қаламыздың өркендеуіне үлес қосып, өздері сынды ардагерлерді ұмытпай кездесу ұйымдастырып, әдемі де әсерлі отырыс ұйымдастырғандарына алғыс білдірді.

Тағы бір айта кететін жайт ардагерлермен бірге отырысқа Қызметтің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Алишер Темирханұлы Құттығалиды жаңа жыл қарсаңында қаламыздың көркеюіне азда   болса үлесін қосып, 2021 жылдың негізгі символы қардан  «БҰҚА» мүсінін жасағаны  үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.