Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданыныңда тұрғын үй секторларына рейд жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданыныңда тұрғын үй секторларына рейд жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданыныңда

тұрғын үй секторларына рейд жүргізілуде.

 

         Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы азаматтық қорғау қызметкерлері аудан жұртшылығымен тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен әртүрлі жылыту құрылғыларын пайдалану  кезіндегі және  тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін түсіндіру үшін халықпен кездестірулер өткізуде.
         Осындай бір рейд Бөрлі ауданының Ақсай қаласында халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне жататын және егде адамдармен оздырылды, өйткені өрттің қайғылы салдарының басым көпшілігі сол адамдардың үйлерінде кездеседі.

Азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері, су тасқыны кезіндегі іс-қимылдар және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі мен сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары көрсетілген тақырыптық жадынамалар таратылды. Пештер, газ жылыту және электр жылытқыштар құралдарынның жарамдылығына ерекше көңіл аударылды.

         Тұрғындарға тұрғын үй секторындағы өрттердің ең таралған себептері туралы әңгімеледі. Электр желілердің қуаттан күшиюі, мас күйінде шылым шегу, ақаулы пештер мен қараусыз қалған электро-құралдар - осы және басқа да көптеген себептер көбінесе тұрғын үйлер өрттеріне әкеледі.

         Сондай-ақ, рейд барысында тұрғындарға өрт кезіндегі іс-қимылдары мен кеңестер берілді, төтенше жағдайлар немесе апаттар кезінде көмек алу үшін «101»,  «112» нөмірлеріне  хабарласу керектігі бірнеше рет қайталанды.

Құтқарушылар осындай кездесулер мен бақылаулар аудан азаматтарының өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін жүзеге асыруға, жауапкершілікті қарауға әкеледі деп үміттенеді. Біздің өміріміздің қауіпсіздігін өзімізге байланысты.

 

 

Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі