
Рейд жұмыстары
Тасқала ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Тасқала аудандық жастар ресурсы волонтерларымен бірлесіп тұрғын үй секторына бірлескен рейд жұмыстарын өткізді. Рейд барысында тұрғындарға күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулықтар берілді. Көмірқышқыл газы немесе табиғи газдан уланудан аулақ болу үшін пештің мұржалары тексеріліп, уақтылы тазарту қажеттілігі жайында ұсыныстар жасалды. «Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбында жадынамалар мен буклеттер таратылды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.
Тасқала ауданы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
М.Турарбеков