Сауна мен моншадағы өрт қауіпсіздігі

Сауна мен моншадағы өрт қауіпсіздігі

Сауна мен моншадағы өрт қауіпсіздігі

 

Өрттердің туындау кезеңділігінің статистикасы қоғамдық мақсаттағы ғимараттар мен үй-жайларда – моншалардың (сауналардың) үй-жайлары неғұрлым өрт қауіпті болып табылатынын көрсетеді.

Оған дәлел ретінде, 2020 жылы облыс аумағында 56 өрт оқиғасы және 2021 жылдың тек 10 күнінде – 3 өрт оқиғасы моншалар мен саунада тіркелді.  

Өрттің танымал себептерінің бірі – қыздырылған ағаштан жанғыш газды шығарудың физика-химиялық процесі. Басқаша, бұл процесс ағаш пиролизі деп аталады. Өздеріңіз білетіндей, ең өрт қауіпті орын моншада (саунада) бумен қыздырылатын бөлме болып табылады. Ағаш мол және температура қолайлы. Бумен қыздырылатын бөлмеде ағаштың пиролизі үшін барлық жағдайлар жасалады, ал шығарылған газ өздігінен жануға қабілетті.

Моншадағы (саунадағы) өрттердің келесі танымал себебі – электр жабдықтары, электр пеші және бу бөлмесінің жарықтандыру сымдары, атап айтқанда электр жабдықтарын дұрыс орнату және оларды пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Өрттің тағы бір себебі, пештің өзін бумен қыздырылатын бөлмеде дұрыс орнатпау салдарынан болуы мүмкін, пештен жанғыш әрлеуге дейінгі қашықтық сақталмайды, бұл ағаштың қызып кетуіне және өртенуіне әкеледі.

Моншаны (саунаны) пайдалану барысында нормативтік талаптардан басқа режимдік сипаттағы іс-шараларды сақтау қажет. БҚО ТЖД қызметкерлері монша (сауна) бөлмесінде:

- желіге қосылған тас пештің электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;

- қандай да бір жабдықты өз бетінше жөндеу, ауыстыру немесе зауытта шығарылмаған құбырлы электр жылытқышты орнатуға;

- ажыратылған тас пешті немесе жарамсыз термореттегішті пайдалануға;

- сауна бөлмесінде арнайы жабдықталған орындардан тыс, тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;

- есік пен еден арасындағы желдету саңылауын (30 мм) кез-келген заттармен жабуға;

- моншаның (саунаның) үй-жайларында арнайы орындардан тыс жерлерде спирттік ішімдіктер ішуге және темекі шегуге тыйым салады.

Құрметті облыс тұрғындары, өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтау өзіңіз бен отбасыларыңыздың өміріне жауапкершілікті арттырады. Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік

өрт бақылау басқармасы