
2021 жылғы 11 қаңтар 12 сағат 15 минутта Ақжайық ауданы "Орал-Атырау" автожолының 105 шақырымында Самал кенті маңында Ларгус және Лексус маркалы 2 жеңіл автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Көліктерде 10 адам болған, оның ішінде 4-уі бала, оқиға орнында 1948 жылы туған азамат қайтыс болып, 8 адам түрлі жарақатпен Ақжайық ауданы орталық ауруханасына, оның ішінде 2 зардап шегуші ауыр жағдайда жеткізілді. 4 адамның жағдайы тұрақты. 1 әйел адам мен 1 бала мединициналық көмекті қажет етпеді.
Құрметті жүргізушілер!
Жолда сақ болуға шақырамыз.
Құтқарушылардың кеңестеріне құлақ артып, қолайсыз ауа райында жолға шығуға тырыспаңыз!!
ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ЖОЛДАҒЫ БАСТЫ ҚАҒИДА - МЕЙЛІНШЕ АБАЙ БОЛУ!!!
БҚО ТЖД баспасөз қызметі