
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Батыс Қазақстан облысының Төтеше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы» ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, Департамент қызметкерлерінің балалары дайындаған суреттер мен қолөнер бұйымдарын және жаңа жылдық тәттілер мен кеңсе тауарларын табыс етті.
Өз кезегінде, шараны ұйымдастыруға ат салысқан «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Р. Хайрушева және «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» басшысы Р. Сүйіншәлиева өздерінің алғыстарын білдірді.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт
бақылау басқармасы