
Жаңа жылдық байқау
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, 2020 жылдың 7-16 желтоқсан күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің балалары арасында сурет салудан және қолөнер бұйымдарын жасаудан байқау ұйымдастырылды.
Байқау – балалардың шығармашылық ой-өрісін кеңейту және балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілді. Байқауға 30-дан астам балалардың туындылары ұсынылды.
Комиссия мүшелері жолданған туындылардың ішінен үздік деп танылған 5 балаға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді және қалған қатысушыларды ынталандыру үшін алғыс хаттармен марапатталды.
1 – орын: Касьянова Анастасия (Касьянова Людмила Владимировна, радиотелефонист);
2 – орын: Каленова Айым (Курмашев Нурлан Рустимблеевич, бөлімше командирі);
2 – орын: Шайхулла Айзере (Агедилов Орынбасар Шайхуллович, бөлімше командирі);
3 – орын: Ғабдолла Ершат (Сәрсенғали Қанат Ғабдоллаұлы, бөлімше командирі);
3 – орын: Курмашева Гюнель (Мурсалимов Наурызбек Калелович, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі).
Байқауға қатысқан әрбір балаға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұжымы ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтады. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
БҚО ТЖД Мемлекеттік
өрт бақылау басқармасы