2020 жылғы 25 желтоқсан күні 13 сағат 23 минутта Орал қаласы Иманов көшесі 56 тұрғын үйде жалпы аумағы 40 ш.м. құрайтын үйдің төбесі мен шатыры жанды.
Өрттің алдын-ала себебі – жылу көзін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болып табылады.
Тұрғын үйлердегі өрттердің, газ баллондарының жарылыстарының жиілеуіне байланысты БҚО ТЖД тұрмыстағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:
- газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізбеңіз, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды – күрт кеңею салдарынан жарылыс пайда болады;
- баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);
- баллонды газ плитасына қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарының көмегімен бекітілген таңбасы бар арнайы шлангіні пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
- газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағыңыз, содан кейін газды ашыңыз;
- қыздырғыштарды үнемі тазалаңыз.
Пайдалану аяқталғаннан кейін баллон кранын жабуды ұмытпаңыз.
Төтенше жағдайда 101, 112, (газ қызметі 104) телефондарына қоңырау шалыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!