
Балық аулау өміріңізге қауіпті болуы ықтимал
Өзен көлдерде су қатысымен әуесқой балық аулаушылар үшін арнайы уәкілетті органның рұқсаты қажет болмайтын мұз астынан балық аулау маусымы басталғаны бәрімізге аян. Казталов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Казталов ауылы маныда өтіп жатырған Сарыөзен өзенінде балық аулаушыларды балық аулау маусымы кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардан сақтау мақсатында рейд ұйымдастырылды.
Рейд барысында балық аулаушыларға «балық аулау кезіндегі сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелері» жазылған жадынамалар таратылып, жадынамада жазылған сақтық шаралары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-04/148 бұйрығымен бекітілген «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары таныстырылды.
Жыл басынан бері осындай рейдтер тек қана аудан орталығында ғана емес ауылдық округтерде де ауыл әкімдері мен жергілікті учаскелік полицейлердің қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да атқарылған жұмыстармен шектеліп қалмай әсіресе алдымызда көктем мезгілі жақындап келе жатыр мұздардың еруі кезінде төтенше жағдайлардың орын алмауы мақсатында аудан әкімдігі мен жергілікті полиция қызметімен бірлесіп бір қатар жұмыстар атқару жоспарланып отыр.
Казталов ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны Н. Сисенов