РАДИОДА СӨЗ СӨЙЛЕУ
2020 жылдың 23 желтоқсан күні Орал қаласынының «ТАЛАП радиосында» БҚО ТЖД ТЖАБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Азамат Исмаил Салауатұлы «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында қала тұрғындарына қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.Атап айтқанда:
Мұздақтардың әсерініен зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Көшелермен жүру кезінде үйлерден алыс болыңыз!.
- Мұздар пайда болған карниздер мен балкондардың астында тұрмаңыз
- Ескерту таспасымен қоршалған жерлерді айналып өтіңіз, қоршаудан өтуге тырыспаңыз.
- Серуендеу кезінде балаларды мұқият бақылаңыз. Олар байқаусызда мұздықтар ілулі тұрған жерде ойнап жүруі мүмкін.
- Балаларға мұздықтардың құлау қаупін түсіндіріңіз.
- Егер сіздің үйініздің шатырында мұздар ілініп түрса. Мұздықтарды өз бетімен құлатуға тырыспаныз.
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқ-киімдерді таңдаңыз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетіне өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді (мұздатылған шұңқырларды, баспалдақтардың беткейлерін т.б.) айналып өтуге тырысыңыз.
- Тізенізді сәл босатып, баяу жүріңіз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.
БҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы