
Пиротехниканың қауіптілігі
Теректі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық Полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен бірлесіп дүкен және сауда орындарында рейдтік шаралар жүргізді. Шараның мақсаты - жаңа жыл қарсаңында пиротехниканың әсерінен адамдардың жарақат алуын немесе қаза болуының, сондай-ақ, өрттердің алдын алу болып табылады.
Негізінен, пиротехника – бұл маусымдық тауар. Дүкен не базар сөрелерінен пиротехникалық өнімдерді сатып аларда абай болған абзал. Баса назарды өнім қаптамасына аударған жөн, ол зақымдалмаған болуы қажет. Ақауы бар, мыжылған, суланған, сұр не қара түсті бояуы шашылған өнімдер қауіпті болуы мүмкін. Пиротехникалық құралдарды қамтамасыз сақтауға және қалтаға салып жүруге болмайды.