«Қауіпсіз Жаңа жыл»

«Қауіпсіз Жаңа жыл»

Аудандық аумағында «Қауіпсіз Жаңа жыл» рейдтер жүргізілуде.

 

 

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «Қауіпсіз жаңы жыл» тақырыбында аудан аумағындағы сауда саттық және адамдар көптеп жиналатын орындарда рейдтер жүргізілуде. Аталған рейдтер ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және БҚО ТЖД-нің «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 21 ӨСБ-нің қызметкерлері бірлесіп аудандық жастар ресурстар орталығының волонтерлер тартылып өткізілуде.

Короновирус пандемия ауруына байланысты аудан аумағында «Жаңа жыл» мейрамын кезінде мерекелік шаралар тоқтатылды, дей тұрғанымен адамдар, әсіресе балалар сауда саттық орындардан пиратехника өнімдерін алып, мейрам кезінде өз үйлерінде және көшелерде аталған пиратехника өнімдерін қолданады. Аталған өнімдерді пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтамай немесе контрофакттік өнімдерді пайдаланған кезде өрт оқиғалар және дене жарақат орын алу мүмкін.

Сондықтан аудандық азаматтық қорғау қызметкрелері, аудандық жастар ресурстар орталығының волонтерлерімен бірлесіп аудан аумағындағы сауда саттық орындарда (дүкендер, сауда орталықтар), адамдар көптеп жиналатын орындарда (халыққа қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар) рейдттер мен патрулдер ұйымдастырып өткізуде. Рейдттердің барысында аталған орындарда адамдарға, қауіпсіздік бойынша түсіндіру жүргізіп, жадынамалар таратылуда.

Сонымен қатар, сауда саттық және адамдар көптеп жиналатын орындарда көрнекті жерлерді тұрғын үйде өрт қауіпсіздік, қолданыстағы электроаспаптармен қолданған кезде қауіпсіздік бойынша ескертулер ілінуде, барлық мекемелерге әсересе аудандық білім беру бөліміне «Жаңа жыл» мейрам кезінде қаупсіздік ережелерінің талаптарын сақтап және қауіпсіздік бойынша үгіт насихат шаралар ұйымдастыру туралы ұсыныс жолданды және жадынамалар мен бейнероликтер таратылды.

 

 

БҚО ТЖД-нің Жәнібек ауданының ТЖБ аға инженері

            азаматтық қорғау аға лейтенанты           қ/қ        Д.Сарсенов