Жаңа жылдағы өрт қауіпсіздік

Жаңа жылдағы өрт қауіпсіздік

Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіру мақсатында, БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Сағдат Қайратұлының қатысуымен облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығында аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері мен облыстық білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Zoom» платформасы арқылы онлайн сабақ өткізілді.