
2020 жылдың 14 желтоқсан күні 22 сағат 07 минутта ҚР ТЖМ БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ(Орал қ.) күштер мен құралдарды басқару орталығына Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 42/6Н мекенжайында орналасқан «Орал трансформатор зауыты» ЖШС объектісіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт орнына жету кезінде шамамен 200 шаршы метр алаңда дәнекерлеу цехының қаптамасы, трансформаторларды сынауға арналған жабдық, дәнекерлеу аппаратурасы, ашалы электр тиегіш жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және ұтымды әрекеттерінің нәтижесінде оқиға орнында 23 сағат 25 минутта өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер ашық алаңда орналасқан және тікелей өрт ошағында орналасқан, әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр (1 тонна) болатын 20 оттегі баллонының жарылуын болдырмады.
Оттегі баллондарының жарылысы цех ғимаратының (қабырғалар, үй-жайды жабу плиталары) көтергіш конструкциялары және детонация мен жарылыс толқынының 3900 метр және одан астам әсер ету радиусында ішінара қатар орналасқан құрылыстардың едәуір қирауына әкелуі мүмкін. Жарылыстың салдары және жарылыстың қайталама факторларының пайда болуы жақын маңдағы АЖҚС, ЭЖТС, үйлер, ауруханалар мен басқа да объектілерде жарылыс, қирауға және жануға, сондай-ақ өртті жоюға жұмылдырылған өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының (өрт болған жерде жеке құрамның 48 адамы жұмыс жасады) әр түрлі дәрежедегі жарақаттарын алуға және өлімге әкелуі мүмкін еді. Бірақ өрт сөндірушілердін үйлесімді және ержүрек әрекеттерінің арқасында осы салдардың алды алынды.
Өрттің болжамды себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Сонымен қатар, Қағиданың талаптары бұзылған, онда дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегі және бес қосалқы ацетилен баллондары орналасуы тиіс. Жұмыс орнында екі баллоннан артық емес жұмыс және қосалқы баллон көзделуге рұқсат етіледі.
Көрсетілген мән-жайларда өрт туындаған жағдайда өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау көптеген адам өліміне, ірі материалдық залалға әкеп соқтыруы мүмкін еді, алайда, азаматтық қорғау қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ғана ықтимал жарылыстан және оның қайғылы салдарларынан құтыла алды.