Спортшылар жүлдемен оралды!

Спортшылар жүлдемен оралды!

Спортшылар жүлдемен оралды!

Ағымдағы жылдың 10-13 желтоқсан аралығында Атырау қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Батыс Кубогы 2020» 2-ші ашық қысқы турнирі өтті. Турнирге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының ТЖД құрама командалары қатысты. 11 желтоқсанда мандаттық комиссия және снарядтарды сынау өтті. 12 желтоқсан-турнирдің салтанатты ашылуы. Бірінші орынды Атырау облысының командасы, екінші орынды Маңғыстау облысының командасы, үшінші орынды БҚО командасы иеленді. Бурекешева Екатерина 2 орын алып, медальмен және сыйлықпен марапатталды. Турнирдің жабылуында Қызметтің бастығы А. Х. Сұлтанғалиев спортшыларды жеңісімен құттықтады.