«Орал трансформатор зауытының» аумағында цех жанды

«Орал трансформатор зауытының» аумағында цех жанды

«Орал трансформатор зауытының» аумағында цех жанды

 

2020 жылғы 14 желтоқсан күні 22 сағат 07 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Есенжанов көшесі 42/6 мекенжайы бойынша трансформатор зауытының аумағында цех жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түсті.

Өрт жұмыстарын барлау кезінде жалпы ауданы 200 ш.м. «Орал трансформатор зауыты» дәнекерлеу цехының жабыны, цех қаптамасы, трансформаторларды сынау жабдығы, дәнекерлеу аппаратурасы, электр тұтқыш жанғаны анықталды. 

Сонымен қатар  оқиға орнынан 20 дана көлемінде 50 литрлік оттегі баллоны шығарылды. Өрттің болжамды себебі дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік техникасын сақтамау.

Өрт 23 сағат 25 минутта толықтай жойылды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен 48 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.