
Тұрғын үй секторы бойынша рейдтер
Тасқала ауданы төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдары және ҚазТрансГазАймақ қызметкерлерімен бірлесіп, жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Бөлім қызметкерлері ҚазТрансГазАймақ қызметкерлерімен бірлесіп электр жабдықтары және газ отынындағы жылыту пештерінің ақаусыздығына техникалық тексеру жүргізді.
Аудан тұрғындарымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі және тұрғын үй секторында өрттердің пайда болуының ең көп таралған себептері туралы түсіндіру жұмыстары, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі, мас күйінде темекі шегу, пеш пен жылытудың ақаулығы, қараусыз қосылған электр аспаптары -бұл себептер тұрғын үйлерде жануға жиі алып келеді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт шыққан жағдайда мына нөмірге қоңырау шалыңыз «101», «112».