Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Мұздағы қауіпсіздік шаралары

Мұздағы қауіпсіздік шаралары

 

Қаланың су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 10 желтоқсан күні Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мұз астынан балық аулауды және қысқы аң аулауды ұнататындардың қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесі бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында қысқы балық аулау әуесқойларымен мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін жеткізу туралы әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ балық аулау құралдары дүкендерінде иелері және келушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, үгіт-профилактикалық материалдар таратылды. Әрбір сатып алушыға аңшылық, балық аулау құралдары мен арнайы киімдерді сатып алу кезінде мұздағы қауіпсіздік шаралары көрсетілген жадынамалар табыс етіледі.

Қаланың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынады:

- жіңішке, қатпаған мұзға шықпаңыз;

- мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындамаңыз;

- жіңішке мұзға тік жағадан шанамен, шаңғымен сырғанауға болмайды;

- су айдынын тыйым салынған жерлерде мұз үстімен өтпеңіз;

- тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпаңыз;

- өткелден тыс мотоциклдермен, автомобильдермен мұзға шықпаңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!