Газ баллонынан сақ болыңыз!

Газ баллонынан сақ болыңыз!

Газ баллонынан сақ болыңыз!

 

Тұрмыстық газ – күнделікті өмірді жеңілдететін үйреншікті құбылыс. Бірақ, егер сіз қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, ол қайғылы жағдайдың көзіне айналуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыс аумағында газ баллондарының 4 жарылыс оқиғасы орын алды, соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Сондай-ақ, суық ауа райының басталуымен бүкіл елде осындай оқиғалар жиілеп кетті.

Мысалы, 2020 жылғы 21 қараша мен 1 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында газ баллондарының жарылыс оқиғалары орын алды. Жарылыс салдарынан 34 адам түрлі дене жарақатын алып, 2 адам көз жұмды. Жалпы өрт орнынан 39 газ баллоны шығарылды.

01.12.2020 жылы 18 сағат 55 минутта Оралда «Урал» бау-бақша серіктестігінің аумағында саяжай үйі өртеніп, өрттен 1 газ баллоны шығарылды. Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жарылыстың алдын алуға және өрттің көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Тұрғын үйлердегі өрттердің, газ баллондарының жарылыстарының жиілеуіне байланысты БҚО ТЖД тұрмыстағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:

  • газ баллонын суықтан жылы жерге кіргізбеңіз, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды – күрт кеңею салдарынан жарылыс пайда болады;
  • баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);
  • баллонды газ плитасына қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарының көмегімен бекітілген таңбасы бар арнайы шлангіні пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
  • газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағыңыз, содан кейін газды ашыңыз;
  • қыздырғыштарды үнемі тазалаңыз.

Пайдалану аяқталғаннан кейін баллон кранын жабуды ұмытпаңыз.

Төтенше жағдайда 101, 112, (газ қызметі 104) телефондарына қоңырау шалыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы