
Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздік ережелері
2020-2021 жж. жылыту кезеңінің басынан бастап тұрғын үй секторында 100 өрт тіркелді, онда 2 адам қаза тауып және 3 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Тұрмыстық өртті азайтудың бірден-бір жолы, қоғамда үгіт-насихат жұмысын кеңінен жүргізу, тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, дұрыс әрекет етуді үйрету және өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өртті болдырмау мақсатында:
- электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың, электр қондырғылары мен жабдықтарының жарамдылығын қадағалауды;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларды қолданбауды;
- бөлмелерді жылытуға газ плиталарын пайдаланбауды;
- үйден шығарда барлық газ және электр құрылғылары өшірілгеніне көз жеткізуді;
- жылыту пештерін уақытылы жөндеп, түтіндіктерді күйеден тазалап тұруды;
- сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтауды, сондай-ақ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды;
- төсек орнында шылым шекпеуді ЕСКЕРТЕДІ;
- ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, өртті сөндіргенше, алдын алу оңай!
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы