
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ
Жылыту құралдарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен болған өрттерді талдай отырып, олардың өсуі байқалады. Өрттің барлық жағдайларында үй иелері кінәлі. Барлық өрттер кейбір ерекшеліктерімен сипатталады.
Өзін және мүлкін ықтимал шығындардан қорғау үшін Сырым ауданы nөтенше жағдайлар бөлімі келесі іс-шараларды ұсынады:
- жылыту маусымы басталғанға дейін пеш тексеріліп, жөнделуі тиіс. Ақаулы пештер мен басқа да жылыту аспаптарын пайдалануға жол берілмейді;
- пештер мен басқа да жылыту аспаптарының өртке қарсы бөліктері және жанғыш құрылымдары, сондай-ақ күйген және зақымдалмаған болмауы керек және көлемі кемінде 0,5 Х 0,7 м болатын металл табақша пештің алдына орнатылуы тиіс;
- шатырларда түтін арналары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғалары сыланып, әктелуі тиіс.
Пешті жөндеуді білікті маман жүргізуі керек.
Қыста жылы және жайлы болу үшін ұсынылған шараларды орындаңыз.
Сырым ауданы ТЖБ