Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтудағы басшының рөлі

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтудағы басшының рөлі

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтудағы басшының рөлі

 

Басшының маңызды сапаларының бірі – адамдарды тани білу болып тбылады. Басшы адамдармен қарым-қатынаста психологиялық сауаттылыққа ие болуы керек, өзі басқаратын бөлімшеде қызмет ететін қызметкерлердің жеке қасиеттерін зерделеуге міндетті.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен "Өз жұмыс күнін дұрыс жоспарлау және бағынушылармен келіспушіліктерді тиімді шешу жолдары" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты: тренинг қатысушыларына қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде сенімділік, эмоционалды және ерікті тұрақтылықты қалыптастыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, жанжалды жағдайларды сындарлы шешу тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

Осындай жұмыстар аудандық бөлімшелердің бастықтарымен бейнеконференцбайланыс режимінде жүргізілді.

 

БҚО ТЖД психологиялық қызмет

тобының бас маман-психологі

азаматтық қорғау майоры А.Махимова