
Батыс Қазақстан облысы 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындады
Азаматтық қорғаудың басқару органдарының басшы құрамы мен мамандарын, халықты азаматтық қорғау саласында оқыту төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларды үйрету, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, өзін-өзі құтқару мен өзара көмек көрсетудің негізгі әдістері мен тәсілдерін білу, халық арасындағы ықтимал ысырапты және материалдық нұқсанды барынша азайту мақсатында жүргізіледі.
Азаматтық қорғаныс басқармасы тыңдаушылардың уақытылы жіберілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырды және облыс әкімінің «Батыс Қазақстан облысының басқару органдарын, азаматтық қорғау күштерін және халқын 2020 жылға арналған Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлауды ұйымдастыру туралы» өкімінің орындалу барысы туралы ай сайын талдау жасады.
2020 жылға арналған толықтыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік орталығында жергілікті атқарушы органдардан 36 адам және Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен 24 адам оқытылды. Азаматтық қорғау саласында даярлаудан немесе қайта даярлаудан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар берілді.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты толық көлемде орындады.
БҚО ТЖД
азаматтық қорғаныс басқармасы