Жоғалған адам табылды

Жоғалған адам табылды

Жоғалған адам табылды

 

2020 жылғы 25 қараша күні 09 сағат 24 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округі, Ащышеген қыстағынан 01.00-де шығып кеткен 1987 жылы туған азамат Н-ді іздестіру туралы хабар келіп түсті.

Жоғалған азаматты іздестіру жұмыстары барысында Ащышеген қыстағы мен Тайпақ ауылының арасында адасып кеткені анықталды. Жоғалған азамат бастапқы нүктеден 5 км қашықтықта Шемякин затонында, «Сербол» шаруа қожалығынан табылды. Іздестіру жұмыстары 13 сағат 03 минутта аяқталды. Іздестіру жұмыстарына Қызметтің № 20 өрт сөндіру бекетінің 1 техникасы, жеке құрамның 3 қызметкері қатысты. Табылған азаматтың жалпы жағдайы жақсы, медициналық көмекті қаюет етпеді.

БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында ұсынады:

- ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру және қоршаған табиғатты бақылау;

- қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалыңыз, елдімекендер шегінен шықпаңыз;

- ауыр және артық салмақтағы киім кимеңіз;

- бейтаныс жерлерге бармаңыз, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынына әрқашан дайын болыңыз;

- Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына құлақ асыңыз.

Жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау денсаулықты, тіпті өмірді сақтап қалары сөзсіз!

Төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласыңыз.