Абайлаңыз, жұқа мұз!

Абайлаңыз, жұқа мұз!

Абайлаңыз, жұқа мұз!

 

Қыс айларында балық аулағанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет, оның ішінде құтқару құралдарын дайындау (құтқару жилеті, құтқару көкірекшесі, арқандар) байланыс жабдықтары (ракета, шамдар, радиотелефон және ұялы телефондар).

Алдын ала ауа райы жайында ақпарат алған жөн. Ауа райы күрт өзгеріп кетуі де мүмкін. Мұз бетінде балық аулағанда ең алдымен мұздың қалыңдығын тексеру керек. Кез келген су қоймаларында мұздың қалындығы бір қалыпты бола бермейді, кейбір жерлері қалың немесе жұқа болады.  Қатты мұз көкшіл немесе жасылдау түстес түйіршіксіз болады. Бір адамға мұз қалыңдығы 7-8 см., топ адамға 12-14 см.-ден кем болмауы керек. Ал осал мұз мөлдір ақшыл түстес болып келеді.

Балық аулау алдында және кезінде алкогольдік ішімдік ішу қатерге ұшыратады. Шағын алаңда балық аулаған кезде көп жерді оюға болмайды. Қайнары бар жерде немесе қамыс өскен жерлерде мұз осал болып келеді. Мұздың үстінде топтасып бір жерге жиналуға тыйым салынады. Ойылған мұз бетіне қоршау немесе белгі қою керек.

Балықшылар: Мұз бетінде сақ болыңыздар! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар және де қатерге ұшырағандарға көмек беруді ұмытпаңыздар!

Қаратөбе ауданы ТЖБ