«Қауіпсіз демалыс – 2020» челленджі

«Қауіпсіз демалыс – 2020» челленджі

     «Қауіпсіз демалыс – 2020» челленджі

 

2020 жылдың 5-14 қараша аралығында облыс аумағында 1-6 сынып оқушылары арасында Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы мен  Төтенше жағдайлар департаментінің  ұйымдастыруымен «Қауіпсіз демалыс – 2020» атты челлендж өткізілді. Челлендж барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, өздері қауіпсіздік ережелері туралы әр түрлі форматтағы видеороликтер түсірген болатын. Барлық жұмыстар  #бқоқауіпсіздемалыс2020 хэштегімен Instagram әлеуметтік желісіне жарияланды.

   Челлендж қорытындысы бойынша белсене қатысқан оқушыларға жүлделі орындар беріліп, сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Челендж нәтижесінде 1 – орынды   Орал қаласы №5 ЖОББМ  2- сынып оқушысы Куспанова Жанерке, 2 – орынды Орал қаласы №2 ЖОББМ 1- сынып оқушысы Куаныш Әділ, 3 – орынды Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББМ 2 сынып оқушысы Хайролла Арайлым  жеңіп алды. Сонымен қатар, аталған шараға белсене қатысқан оқушылар  Батыс Қазақстан облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің және БҚО Білім басқармасының алғыс хатарымен марапатталды.

 

БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы