Мұздағы қауіпсіздік

Мұздағы қауіпсіздік

Мұздағы қауіпсіздік

 

Тасқала ауданы төтенше жағдайлар бөлімі аудандық полиция бөлімімен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайларды алдын алу және болдырмау мақсатында Деркөл өзенінде профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында жіңішке мұз қауіпті екені жөнінде және де балық аулаушыларға қауіпсіздік сақтау ережелері түсіндіріліп, жадынамалар мен кітапшалар таратылды.

Сонымен қатар, Деркөл өзенінде қатпайтын жер асты бұлақтары бар жерде балаларға ойнауға, коньки тебуге жүруге болмайтындығы және бұл өте қауіпті екені ескертілді. Мұздың қалыңдығы 10 см-ден асқан кезде адам үшін қауіпсіз саналады, алайда мұздағы қауіпсіздік сақтау ережелерін әрқашанда біліп, төтенше жағдайларды болдырмау керек екендігі айтылды. Сондай-ақ балық аулауға арналған сауда дүкендерінде профилактикалық іс- шара өткізіліп, жадынамалар таратылды. Бұл бағыт бойынша жұмыс әлі де жалғасуда.

Тасқала ауданы ТЖБ