
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мамандарды оқыту қорытындысы
Ағымдағы жылғы 8 маусым мен 19 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы (бұдан әрі-Департамент) азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
Карантиндік іс-шараларға байланысты оқыту қашықтықтан жүргізілді. Курстар жұмыс күндері Департаменттің Азаматтық қорғаныс сыныбында "ZOOM" қосымшасы арқылы өтті. Оқытуды өткізу үшін Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері тартылды.
Оқыту тыңдаушылардың бірнеше санаты бойынша ұйымдастырылған:
"Қалалардың, аудандардың (қалалық және ауылдық) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия мүшелері)»;
"Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары»;
"Қалалық және аудандық әкімдіктердің лауазымды тұлғалары»;
"Еңбек және демалыс сауықтыру лагерлерінің қызметкерлері»;
"Азаматтық қорғау құралымдарының командирлері»;
"Мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері»;
"Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары және олардың орынбасарлары".
Оқыту барысында бейнероликтер мен презентацияларды сүйемелдеу арқылы түрлі тақырыптарға дәрістер жеткізілді. Сонымен қатар, сабақ кестесіне сәйкес өрт-техникалық орталығының мұражайы бойынша Виртуалды тур өткізілді.
Қорытынды тестілеу нәтижелері бойынша курстан өткені туралы сертификаттар берілді.
БҚО ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы