Аққулар құтқарылды

Аққулар құтқарылды

Аққулар құтқарылды

2020 жылғы 18 қарашада Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасарынан Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғын Дуюнов Анатолий мен Зиекешев Азиханның сөзінше, құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған, алайда құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен, алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса, одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалуы мүмкін еді.

Аталған тұрғындардың өздігінен құтқару іс-әрекеті еш нәтиже бермеген соң, оқиға орнына БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ № 21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары Өтенгалиев Тұрарбек Қамидоллаұлы және Габденов Нурмухан Тагайевич жедел жетіп, аққуларды құтқарды.

Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды.

Жабайы құстар - аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешілетін болады.