САҚ БОЛ, ЖҰҚА МҰЗ!

САҚ БОЛ, ЖҰҚА МҰЗ!

САҚ БОЛ, ЖҰҚА МҰЗ!

Сырым ауданы ТЖБ ескертеді! Мұздың жарылу мүмкіндігін және суық суға түсіп қатерді болдырмас үшін, мынандай НЕГІЗГІ  ЕРЕЖЕЛЕРДІ білу және орындау қажет:

-Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса- беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді;

-Ешқашанда мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексермеңіз;

-Топ болып, мұздан өтетін  болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер;

-Ата- аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге ) қараусыз жібермеңіз;

-Мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.