Абайлаңыз - газ баллоны!

Абайлаңыз - газ баллоны!

    Абайлаңыз - газ баллоны!

Тұрмыстық газдың жарылуына жол бермеу мақсатында БҚО ТЖД Тасқала ауданы ТЖ бөлімі еске салады:

  1. Газ аспаптары мен жабдықтарын орнатуды, реттеуді, тексеруді және жөндеуді білікті мамандарға тапсырыңыз;
  2. Газ баллонын желдетілетін жерде, тек тік күйде сақтаңыз;
  3. Жақын жерде от, ыстық көмір, электр аспаптары қосылған кезде газ баллонын ауыстырудан аулақ болыңыз;
  4. Пайдаланылмайтын баллондарды (толтырылған немесе бос) үй-жайдан тыс жерде сақтаңыз;
  5. Балаларды газ аспаптарына жіберу жағдайларын болдырмаңыз;
  6. Газ құрылғыларын қосу кезектілігін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағыңыз, содан кейін газ беруді ашыңыз;
  7. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллон кранын ЖАБУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ;
  8. Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр аспаптарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару керек;
  9. Егер жағдай бақылаудан шығып кетсе, өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды "101" немесе "112" телефоны бойынша шақыру керек».