
Қалада мұздықтардың пайда болуы тұрғысынан «қауіпті аймаққа» - шатырлары бар көп пәтерлі үйлердің барлығы жатады, осыған орай келесі ережелерді ұстанғаныңыз дұрыс:
-көшелермен жүру кезінде үйлерден алыс болыңыз;
-мұздар пайда болған карниздер мен балкондардың астында тұрмаңыз;
-ескерту жолағымен қоршалған жерлерді айналып өтіңіз, қоршаудан өтуге тырыспаңыз;
-серуендеу кезінде балаларға мұқият болыңыз;
-егер сіздің үйініздің шатырында мұздықтар ілініп тұрса, өз бетімен құлатуға тырыспаңыз.
Көшеде абай болыңыз!
БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы