Құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексеру

Құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексеру

Құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексеру 

БҚО "Өрт сөндіруші" АҚ филиалында 2020 жылғы 11-12 қараша аралығында 36 ОӨАҚБ базасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейіне тексеру жүргізілді.

Филиал басшылығы қызметкерлердің теориялық дайындығына, практикалық дағдыларына және физикалық төзімділігіне үлкен көңіл бөлді. Өйткені, өрт сөндіруші-құтқарушылардан жоғары кәсіби дайындық, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде дұрыс шешім қабылдай білу талап етіледі.

Емтихан комиссиясы азаматтық қорғау саласындағы, өрт-тактикалық дайындық, өрт және авариялық-құтқару техникасы, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білуге сынақтар қабылдады. Сынақтар барысында дене шынықтыру дайындығы бойынша бақылау нормативтері қабылданды.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби дайындық деңгейін тексеру бірнеше кезеңнен тұрады және барлық қызметкерлерді қамтиды.