Үгіт насихат шаралар жүргізілуде

Үгіт насихат шаралар жүргізілуде

Үгіт насихат шаралар жүргізілуде

 

 «Қыс-2021» Облыстық штабтық жаттығу барысында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының ТЖБ-нің мен БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» № 21 ӨСБ ММ-нің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында орналасқан М. Ықсанов атындағы колледжде, 2-3 курстің студенттер арасында  жиын ұйымдастырылып өткізілді. Аталған жиынға Казақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты Башаев Д. шақырылып қатыстырылды.

 

Жиында келесі мәселе қаралды:

Қыс кезіндегі қауіпсіздік, қыс кезіндегі тұрғын үйде өрт қауіпсіздік, көк тайғақ, жұқа мыз, қыс кезінде далада қалсан не істеу керек т.б. және Казақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Көкшетау техникалық институты (бұдан әрі - КТИ) туралы.

Жиын барысында бөлім қызметкерлері аталған мәселелерді талқылап жиынға қатысушылар арасында жадынамалар таратылды, сонымен қатар аталған институттың түлегі, БҚО ТЖД Жәнібек ауданының ТЖБ-нің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Сарсенов қатысушыларды азаматтық қорғау қызметі туралы таныстырып, құтқарушы мақтанышты және сыйлы мамандығына назар аударды.

Ал Көкшетау техникалық институтының курсанты Д.Башаев, КТИ туралы тындаушыларға толық түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берді.

Жиын аяғында оқушыларға қауіпсіздік бойынша және Көкшетау техникалық институт туралы бейнероликтер көрсетіліп, аталған институтта оқуға үміт білдірушілірдің мәліметтерін жазып, анықтама алу үшін бөлімнің мекен жайымен байланыс телефоны берілді.

Аталған шаралар тек аудан орталығында емес, ауылдық округтердің оқу орындарында жалғасын табады.