
БҚО-да КҮЗ ЖӘНЕ ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ БАЛЫҚ АУЛАУ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БОЙНША БРИФИНГІ ӨТТІ
2020 жылғы 11 қарашада БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Күз және қыс мезгілінде балық аулаудағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті, спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник А.Қ. Ахметжанов сөз сөйледі.
Балық аулау – бұл бір жағынан қызықты, бір жағынан қауіпті. Әдетте, әуесқойлар осы қызыққа жыл мезгіліне сай алдын ала жабдықталып, соның ішінде ауыр резеңкеленген комбинезондар киеді.
Олар, әдетте, суға қайықпен жүзеді де, құтқару құралдары туралы ұмытып кетеді. Кез-келген абайсыз қозғалыс тепе-теңдіктің жоғалуына әкелуі мүмкін, адам бірден суық суға түсіп, егер оның үстінде құтқару көкірекшесі болмаса, су түбіне кетеді.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында 3 балықшы суға батып, 6 адам құтқарылды. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 8 балықшы суға батып, 2 адам құтқарылды.
Сондықтан келесі ережелерді назарға ілген жөн: су қоймасына тек техникалық жарамды жүзу құралында ғана жүзіп, оны шамадан тыс жүктемеу, сондай-ақ құтқару кеудешесінде жүзу қажет. Балық аулау кезінде кенеттен қозғалудан аулақ болыңыз, баллон қайықты тесіп немесе кесіп алмаңыз. Алкогольді ішуден аулақ болыңыз, осының салдарынан суда көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда.
Жағалауда болсаңыз да, толық сенімді бола алмайсыз. Тік және тайғақ сазды өзен жағасынан иіру кезінде абайсыз өткір қозғалыс қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
1) дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз қозғалуға, сондай-ақ мұзда қауіпсіз қозғалуға болады.
2) ауа райы болжамын және болашақ балық аулау орнындағы мұздың қалыңдығын ескеру.
3) қайықтан балық аулау кезінде жүзе білу маңызды, бұл дағды сізге өзіңізді және досыңызды құтқаруға көмектеседі.
4) жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпей балық аулаған дұрыс.
5) Егер Сіз жағадан алыс жерде балық аулағыңыз келсе, онда бортта құтқару және сигнализация құралдарының болуы туралы алдын ала дайындық жасау керек.
6) балық аулауға кетер алдында орналасатын жер туралы туыстары мен жақындарына міндетті түрде хабарлау, сондай-ақ балық аулаудан қайту уақытын нақтылау қажет.
7) ауа-райының нашарлауы туралы хабарламаларды елемей қалмаңыз.
Қайықтан су қоймасына балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріңіз, оның ағып кетпегеніне, ескектердің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112» телефонына қоңырау шалу қажет.