
Абайлаңыз, көктайғақ!
Көктайғақ кезінде БҚО ТЖД қызметкерлері автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады. Статистика бойынша, қысқы кезеңнің басталуымен барлық ЖҚО-ның 40%-ға жуығы көктайғақ пен қардан туындайды. Жүргізушілер үшін қозғалыстың негізгі шарты: абайлап жүру, төмен жылдамдық және ерекше сақтық. Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншіні екі қауіп күтеді – тайып құлау немесе көліктің астына түсу.
Суық ауа райының басталуымен көшедегі жарақаттардың саны өседі: жарақат алу, сүйектің орнынан таюы және сынықтар. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай күндері зардап шеккендердің саны 2 есе артады. Көктайғақ кезінде құлау ықтималдығын азайту үшін келесі ережелерді сақтау қажет: назар аудару және сақтық – бұл көктайғақта мүлтіксіз сақталуы тиіс мінез-құлықтың негізгі қағидаттары. Қыс мезгілінде негізгі кеңес – жылдамдықты тежеу және бұрылыстардың қарқындылығын екі-үш есе азайту керек, осыдан кейін тайғақ жолда оқиғалар болмайды.
Маңызды нәрсенің бірі - терең қарда тоқтаусыз және қозғалтқыш тежегішін жиі ауыстырмай жүріп отыру керек. Егер сіз қарда тұрып қалсаңыз, доңғалақтардың ұзақ уақыт сырғып кетуіне жол бермеңіз. Ереже бойынша мұзбен жабылған жолда автомобильдер арасындағы қашықтық екіге көбейтілген көліктің жылдамдығына сәйкес келуі керек. Қашықтықты сақтаңыз! Жылдамдықты таңдағанда, қарда тежегіш жолы үш есе өсетінін ұмытпаңыз. Қоғамдық көлік аялдамаларының жанында және бағдаршамдардың алдында жиі тежеу салдарынан мұз пайда болады, мұндай жерлерде абай болыңыз. Осы қарапайым кеңестерге сүйене отырып, сіз өз көлігіңіздің қозғалысын мұзда қауіпсіздендіре аласыз.
БҚО ТЖД ДЖББ