Профилактикалық жұмыс

Профилактикалық жұмыс

Теректі ауданы ТЖ бөлімі және Қызметтің № 12 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері аудан аумағында жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу шараларын жүргізуде. Соның бірі, бөлім қызметкерлерімен халық көптеп келетін азық-түлік дүкендерінде азаматтарға өрт қауіпсіздігі тақырыбында жадынамалар таратып, нұсқаулықтар жүргізілді. Сонымен қатар,  объекті иелерінің келісімімен, сатылымдағы алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің сыртына өрт қауіпсіздігін ескерту тақырыбындағы жапсырмалар жабыстырылды.